Екі ірі жол апатынан 10 адам жан тәсілім қылды

26 шілде 2025 11:36 / Новости Казахстана

Жамбыл және Алматы облыстарында болған жантүршігерлік жол апатынан 10 адам тіл тартпай кетті, деп хабарлайды Arbat.Media.

24 шілдеде Жамбыл облысында «Екатеринбург – Алматы» автожолында болған апаттан 4 адам мерт болды. Toyota Alphard көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, бір бағытта келе жатқан экскаватормен соқтығысқан. Салдарынан Toyota Alphard жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Тағы бір жолаушы мен экскаватор жүргізушісі ауруханаға жеткізілді.

Ал екінші жол апаты кеше, 25 шілде күні сағат 10.15-те Алматы облысының Самсы ауылының маңында республикалық тас жолда болды. Toyota Alphard трактормен соқтығысқан. Ол маңда 9 қызметкер жол жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан. Жеңіл көлік алдындағы көлікті басып озбақшы болып, қоршалған жолдан шығып кеткен.

Жол апатынан 6 адам мерт болды. Арасында жол жөндеп жатқан қызметкер де бар. Екі ада жарақат алды.

Серіктес жаңалықтары