Екі облыста жабылған жолдар ашылды – Қазавтожол
Республикада күннің бұзылуына байланысты 5 өңірде жолдар жабылған болатын. Таң ата екі өңірдегі жолдар ашылды, дейді «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ баспасөз қызметі. Жамбыл облысы «Алматы-Ташкент-Термез» автожолының 534-593 шақырымы аралығы (Айша бибі ауылы - Түркістан облысының шекарасы). Түркістан облысы «Алматы-Ташкент-Термез» автожолының 593-620 шақырымы аралығы (Жамбыл облысының шекарасы - Тұрар Рысқұлов ауылының шекарасы), - деп хабарлайды Arbat.media.
Ал Ақмола облысында керісінше қозғалыс шектелді.
«2024 жылғы 7 қарашада сағат 01:30-да Ақмола облысында күннің бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «Астана-Ерейментау-Шидерті» автожолының 16-200 шақырым аралығында (Астана қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қою жоспарлануда»,-делінген хабарламада.