Екі оқушыдан 3,2 млн теңге алған мұғалім сотталды

26 наурыз 2026 11:24 / Новости Казахстана

Ақтөбе қаласының №2 соты бірнеше рет алаяқтық жасады деген айыппен сотталушы П-ға қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Сотталушы 2024-2025 жыл аралығында оқу орталығында мұғалім болып жұмыс істеп, 2 жәбірленушіні бейіндік пәндерді тереңдетіп оқытатын мектепке конкурстан тыс белгілі бір ақша төлеу арқылы түсіруге көмектесемін деген жалған ақпарат беріп алдаған.

Нәтижесінде сотталушының қылмыстық әрекеттері салдарынан 2 жәбірленушіге жалпы 3 200 000 теңге мөлшерінде материалдық залал келтірілген.

Сотталушы сот отырысында өз кінәсін мойындады.

Сот сотталушының қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайлар ретінде кінәні толық мойындауын, шын жүректен өкінуін, кәмелетке толмаған балаларының болуын, келтірілген залалды толық өтегенін ескерді.

Қылмыстық жауаптылығы мен жазасынауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Сот үкімімен сотталушы ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігінің 4) тармағымен кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары