Екпеден бас тартқан балалар жаппай қызылша жұқтырып жатыр

10 қазан 2023 14:12 / Новости Казахстана

Жетісу облысында қызылша вакцина алмаған балалар арасында көп тіркеліп жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media.

Жетісу облысы санитария-эпидемиологияны бақылау департаменті басшысы мынадай мәлімет келтірді:

Жыл басынан бері қызылшаның 255 жағдайы тіркелген, оның 186-да сырқат зертханада анықталған. 14 жасқа дейінгі балалар — 155 (83,3%), 15-19 жас — 4 (2,2%), 20 жастан жоғары — 27 (14,5%). Ауырғандардың 87,6 пайызы — вакцинациядан өтпеген балалар.

«Инкубациялық кезең 7-21 күн аралығына созылады, жұқпа көзі — науқас адам. Ауру ауа-тамшы жолдары арқылы науқас адам сөйлегенде, жөтелгенде немесе түшкіргенде беріледі. Ауру өте жұқпалы, яғни бұрын сырқаттанбаған адамға қызылшамен ауыратын науқаспен қарым-қатынас жасағанда сырқаттану қаупі өте жоғары (егілмеген жағдайда). Вирус ауада 2 сағатқа дейін белсенді және жұқпалы болып қалады», — деді Жетісу облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы Асхат Чарапиев.

«Инфекцияға қарсы ең қол жетімді және тиімді шара вакцинация. Қызылшаға қарсы вакцина 20 жылға дейін сақталатын иммунитет қалыптастырады. Ұлттық күнтізбеге сәйкес алдын алу екпесі жоспарлы түрде 12-15 айда және қайта егуі 6 жаста жүргізіледі. Қызылшаның арнайы емі жоқ, бірақ вакцинация арқылы сырқаттан қорғануға болады» — деді маман.


Қызылша — ауа-тамшы арқылы жұғатын жіті вирус инфекциясы.

Автор
Серіктес жаңалықтары