Елімізде электромобиль саны бір жылда 10 есе артқан

5 қазан 2023 10:30 / Новости Казахстана

1 тамыздағы дерек бойынша, елде 4,4 млн жеңіл автокөлік тіркеліп, бұл былтырмен салыстырғанда 15% көп, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Energyprom таратты. 

Көліктің көп бөлігі - 3,9 млн машина жанармаймен жұмыс істейді.

Тіркелген электромобиль саны бірден 10,4 есе, жанармаймен жүретін көлік - 14,9%, дизель отынымен - 12,2%, газ-баллон отынымен жүретіні 38,2% артқан. Ал аралас типті көлік саны 19,3% көбейді.

Елдегі электромобиль үлесі автокөлік паркінің 0.11%-ін ғана құрағанымен, былтырғы жылдың осы кезеңінде көрсеткіш тіркелген жеңіл көліктің 0,01%-не ғана жеткен. 

Өңірлер арасында  ең көп электромобиль Алматыда - 2,8 мың.

Екінші және үшінші орында Астана (550 электромобиль) мен Алматы облысы (208 авто).

Электрқозғалтқышы бар автокөлік Абай облысында ең аз - 8.

14 көлікпен СҚО, 21 автокөлігі бар Жетісу облысы.

Автор
Серіктес жаңалықтары