Елімізде көлікті техникалық тексерудің бірыңғай операторы ауысты

28 мамыр 2024 19:50 / Новости Казахстана

Елімізде механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесінің жаңа операторы бекітілді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Көлік министрлігі «ҚазАвтоЖолды» бірыңғай техникалық байқау операторы етіп бекітті, - деп жазады Kazinform агенттігі.

— Көлік министрінің бұйрығына сәйкес «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ техникалық байқау ақпараттық жүйесінің бірыңғай операторы болып бекітілді. Бүгінгі таңда «ҰАТ» АҚ-дан өкілеттіктерді беру бөлігіндегі іс-шараларды қамтитын Жол картасы әзірленді. Процесс жүріп жатыр, - дейді министрліктің баспасөз қызметі.

Бұған дейін басқа мемлекетте тіркелген шетелдік автокөліктер Қазақстанның аумағына әкелініп, 90 күнтізбелік күн асқан бойда міндетті техникалық байқаудан өткізілу тиіс екенін жазған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары