Елімізде тағы бір ауыл ішімдіктен бас тартты

26 қазан 2024 9:40 / Новости Казахстана
Фото: hron.ru

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының әкімі Таушық ауылын «алкогольсіз ауылға» айналдыруды ұсынды. Бүгінде Таушық ауылында 3 363 тұрғын тіркелген. Ауыл тұрғындарына 1 амбулатория, 2 жеке медицина орталығы қызмет көрсетеді. 3 балабақша 1-6 жас аралығындағы бүлдіршіндерге мектепке дейінгі тәрбие беруде. Бүгінде балаларды балабақшамен қамту 100%-ды құрайды. Жалпы білім беретін Шахта мектебінде 2024-2025 оқу жылын 722 оқушы бастады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Түпқараған ауданының әкімі Рахат Елтизаров жергілікті тұрғындармен кездесулерінің бірінің барысында ақсақалдарға Таушық ауылын «алкогольсіз ауылға» айналдыруды ұсынды, деп хабарлайды Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығының баспасөз қызметі.

- Ардақты ардагерлер! Сіздерге ішкі мәдениетті дамытып, көрші аудандарда жүргізіліп жатқан жақсы үрдіс бойынша Таушық ауылын «алкогольсіз ауыл» ретінде көпке үлгі етіп, алкогольді ішімдіктерден бас тартуға арналған жұмыстарды жүргізуге ұсыныс білдіремін, - деп атап өтті Рахат Елтизаров.

Осыған дейін Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха алкогольдік ішімдіктен толықтай бас тартқан ауылдардың санын жариялаған болатын.

 

 

Серіктес жаңалықтары