Еліміздегі 622 стоматология тексеріліп жатыр
Еліміздегі 622 стоматология тексеріліп жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді, деп хабарлайды Arbat.Media.
Оның айтуынша, бүгінгі күнге дейін 290 тексеру тіркеліп, 135-і аяқталған. 103-і жұмыс барысында, 52-сі тіркеуден алынған, ал 26-сы тіркеу сатысында.
Өңірлердің прокуратурасы жіберген 316 нысанның ішінде 34 клиника МӘМС/ТМККК шеңберінде қызмет көрсетеді, 282-сі тек ақылы негізде жұмыс істейді.
«Соңғы уақытта жекеменшік стоматологиялық клиникаларда балаларға жалпы наркозбен бірнеше тісті бір мезетте емдеуге қатысты арыздар жиілеп жатыр. Балаларды жалпы анестезиямен емдеу – қатаң медициналық көрсетілімдер бойынша ғана жүргізілуі тиіс күрделі медициналық емшара. Клиника жекеменшік болсын немесе мемлекеттік болсын мұндай манипуляциялар үшін білікті анестезиологтың қатысуы, тиісті жабдықтардың болуы, анестезиологиялық және реаниматологиялық көмек стандарттарын сақтау талап етіледі», - деді ведомство басшысы.