Еліміздің 6 өңірінде су басқан үйлердің саны 4 мыңнан асты

13 сәуір 2024 16:39 / Новости Казахстана

Еліміздің 6 өңірінде су басқан үйлердің саны 4 мыңнан асты. «Жедел желі» телефонына 1 568 қоңырау түсіп, психологтар зардап шеккен адамдарға писхологиялық көмек көрсетуде. Еліміздің 8 өңірінде Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Атырау, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында жергілікті ауқымдағы 36 ТЖ әрекет етеді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы ТЖМ азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш айтты.

«Су тасқыны басталғалы бері 103 500 адам, оның ішінде 37 703 бала қауіпсіз жерлерге жеткізілді. 10 163 адам үйлеріне оралды. Уақытша орналасу пунктеріне 6 810 адам, оның ішінде 3 075 бала орналасты. 9,2 млн текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 1,8 млн қапшық және 1,2 млн тонна инертті материал төселді. Бүгінгі таңда авариялық-құтқару жұмыстарында 30 629 адам, 3 529 техника, 678 су сору құралы, 198 жүзу құралы, 11 әуе кемесі жұмылдырылды7 Осы сағатта Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында 4 040 жеке тұрғын үй, 1 155 аула аумағы және 2 037 саяжай үйлері су астында қалуда. 3 262 тұрғын үй мен 2 036 аула аумағынан су бұрылды. Мұз кептелістерінің алдын алу мақсатында Ақмола облысының Сандықтау ауданында, Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында Жабай, Есіл, Сарқырама өзендерінде мұз жару жұмыстары жүргізілді. Боқсық, Қалқұтан, Есіл, Торғай өзендерінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты Ақмола облысының Бұланды, Астрахан аудандарының төрт елді мекенінде, Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданының екі елді мекенінде, Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының екі елді мекенінде 850 адам алдын ала эвакуацияланды.ТЖМ азаматтарды аса мұқият болуға, су тасқыны кезеңінде қауіпсіздік шараларын мүлтіксіз сақтауға, үйлерден және эвакуациялау пункттерінен тиісті рұқсатсыз кетпеуге шақырады», - деді Ерасыл Сайпыш.

 

Серіктес жаңалықтары