Еліміздің әр өңірінен келген оқушылар Ақорданы аралады
1 маусым 2026 13:20 / Новости Казахстана
Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Президент резиденциясы барлық облыстан келген 100 оқушыға есігін айқара ашты, деп хабарлайды Arbat.Media.
Ақордада пән олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, оқу озаттары, шығармашылық байқаулардың және спорт сайыстарының лауреаттары қонақ болды.
Кішкентай меймандарға ғимарат құрылысының тарихы мен сәулеттік ерекшеліктері туралы сыр шертетін қызықты экскурсия ұйымдастырылды.
Оқушылар ресми қабылдау өтетін залдармен, Мемлекет басшысының кітапханасымен танысып, резиденция аумағындағы бақта серуендеді.
Жеткіншектер Қазақстан тарихы туралы жан-жақты мәлімет алып, Тәуелсіздік құндылықтарының маңызына бойлады.
Экскурсия соңында балаларға Президент атынан естелік сыйлықтар табысталды.
14 қазан 2026 18:18 / Новости Казахстана
Дариға Бадықова жеке өміріне қатысты алғаш рет үн қатты
14 қазан 2026 17:30 / Новости Казахстана
Ақжол Темірханның анасы ұлының ауруханада жатқан кезін еске алды
14 қазан 2026 16:30 / Новости Казахстана
Ақмола облысында дәрігердің өліміне қатысты тергеу басталды
14 қазан 2026 15:18 / Новости Казахстана
Алматыда көлік тұрағына талас адам өлімімен аяқталды
14 қазан 2026 14:15 / Новости Казахстана
Алматыдағы физика-математика мектебінің 47 оқушысы ауруханаға түсті
14 қазан 2026 13:32 / Новости Казахстана