Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болып, жаңбыр жауады

28 шілде 2025 9:28 / Новости Казахстана

Қазақстанда 2025 жылғы 28 шілдеде орын алуы ықтимал қауіпті ауа райы құбылыстары аталды. Атап айтқанда: найзағай, бұршақ, нөсер жаңбыр, қатты дауыл, +42°C дейін аптап ыстық, деп хабарлайды Arbat.Media.

"Қазгидромет" РМК республикамыздың оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталатынын айтады.

"Солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер өздерімен бірге Қазақстан аумағының басым бөлігіне жаңбыр алып келеді, солтүстік-батыста, солтүстікте, ел орталығында нөсер жаңбыр жауады, жекелеген аудандарда дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін... Республика бойынша ортақ табиғи құбылыс - екпінді жел, оңтүстікте, орталықта шаңды дауыл тұрады, түнде және таңертең еліміздің солтүстігінде тұман болады деп болжанады", делінген болжамда.

Синоптиктердің хабарлауынша, күндіз мына өңірлерде қатты ыстық болады деп болжанады:

 

  • Жетісу, Абай облыстарында, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында: +35...+39°C дейін,
  • Павлодар облысында және Қарағанды облысының оңтүстігінде: +35...+36°C дейін.

 

Өте қатты жыстық мына өңірлерде күтіледі:

 

  • солтүстік-батыста, Жетісу облысының орталығында, Абай облысының оңтүстігінде, Алматы өңірінің батысында, солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде: +41...+42°C дейін.

 

Сонымен қатар, гидрометеорологиялық орталық қосымша мынандай қауіп-қатершлерді ескертеді:

 

  • өрт қаупі жоғары - Шығыс Қазақстан облысында, Абай облысында, Қостанай облысының батысында, шығысында, Ақмола облысының орталығында, Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында,
  • төтенше өрт қаупі – Қызылорда, Түркістан, Алматы, Жамбыл, Қарағанды облыстарында, Жетісу облысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында және Ұлытау облысында, Атырау өңірінің шығысында, орталығында, Маңғыстау өңірінің солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Абай облысының орталығында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде.

 

Серіктес жаңалықтары