Елордада ер адам 11 жастағы баланы соққыға жыққан

20 қазан 2026 13:19 / Новости Казахстана

Астанада футбол алаңында ересек ер адам 11 жастағы баланың басынан бірнеше рет ұрған. Қазір баланың анасы тергеудің созылып кеткеніне шағымданып, әділдік талап етіп отыр, деп хабарлайды Arbat.Media.

Әйелдің айтуынша, оқиғадан кейін ұлы ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер баланың самай тұсындағы көгеруді және желкесіндегі ісікті тіркеді. Сондай-ақ баланың басы айналып, жүрегі айныған.

Баланың анасы сот-медициналық сараптаманың ұзақ уақыт тағайындалмағанын айтып, істің әділ тергелуіне күмән келтірді.

Полиция бұл дерек бойынша қылмыстық іс тіркелгенін хабарлады. Оқиғаға қатысы бар ер адам полицияға жеткізілген. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары