Еңбек министрлігі марқұм фельдшердің отбасына қандай төлем қарастырылғанын айтты

19 қараша 2025 15:42 / Новости Казахстана

Еңбек министрлігі марқұм фельдшердің отбасына қандай төлем қарастырылғанын айтты, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бірінші вице-министр Асқарбек Ертаевтың сөзінше, қазір бұл мәселемен арнайы комиссия айналысып жатыр. Оған сәйкес жұмыс берушінің жауапкершілігі анықталады.

«Мен ол фельдшердің отбасы құрамын нақты білмеймін. Егер баласы болса, онда заң бойынша асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы төленеді. Егер жұбайы болса, онда жұбайы және баласы асыраушысынан айырылу жәрдемақысын алуға құқығы бар. Екіншісі – жерлеуге берілетін жәрдемақы. Егер адамның міндетті аударымдары болса, онда 95 АЕК мөлшерінде жерлеуге арналған төлем беріледі. Осы сияқты төлемдер болады», – деді ол.

Сондай-ақ, сақтандыру шарты болған жағдайда тиісті төлемдер де жасалуы тиіс екені айтылды.

Серіктес жаңалықтары