Еркеш Хасеннің бұрынғы әйелінің тағы бір құрбысы сұмдық жайтты айтты

7 қаңтар 2026 11:28 / Новости Казахстана

Әлеуметтік желіде танымал әнші Еркеш Хасеннің отбасылық өмірі қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Arbat.Media.

"Еркештің бірінші келіншегі Айгерімнің жақын құрбыларының бірі боламын. Ақыры шу шығып жатыр екен, үндемей қоя алмадым. Айгерім екеуміздің ұзату тойларымыз қатар 1 аптаның көлемінде болды. Менің тойыма екеуі әдемі жұп болып, қол ұстасып келіп еді. Жолдасым екеуміз де Еркеш екеуінің тәтті қызының 1 жас тойының куәсі болдық. Бәрі керемет еді. Екеуі үйленген соң өзі барлығына өзі қол жеткізіп, әдемі комфорт өмірін қалыптастырса да,Алматыға бірге қол ұстасып кетті.Қайда тұрды? Студияда! Ешкімі жоқ қала, 40-нан жаңадан шыққан қолында баласы бар. Көмектесер адамы болған жоқ. Бірақ, таңдаған жан-дарына сеніп, қиын күндерді бірге артта қалдырды. Үй сатып алынды, ремонтты Айгерім өз қалауымен әдемілеп жасатты. Алматыда 2024-тің қаңтарында қатарынан қатты жер сілкінісі болған кездері Еркештің айтуымен Астанаға қайту керек болады.Үй қалады.Ақпан-наурыз… Барлығы сол бір “Егіз лебізде” құртылды. Үйге келмеу, қашу, үнсіздік… “Қызым” деп ән салған жігіт сол кеткеннен мол кетті… ", - деді желі қолданушысы.

Желі қолданушысы қазіргі таңда бірінші әйелі Айгерім аяққа тұрып, өз өмірін сүріп жатқанын сөзге тиек етті.

"Айгеріммен жақын құрбы болған соң жиі араласамыз. Жиі хабарласып, шарасыз күндері мен түндері өтті… жүрек құрғыр сыздайды, сенген ер адамы сатқындық пен опаздыздық жасағана сене алмай, жанын қатты жеді… екі жастың арасындағы араласқаным емес, бұл жерде құрбымның іштей тынып, тіс жармай, бәрін өзінде сақтай алғаны тіпті ерлік дер ем. Қазір Аллаға шүкір, өздеріңіз көргендей Айгерім аяққа тұрды. Бәріміз білетіндей, Еркеш Айгөлектен шыққан жігіт қой. Одан кейін танымалдылығы аса үлкен болған жоқ сияқты. Екеуі бірге соңына дейін деп серттескен де еді. Айгеріммен қосылған соң , ол үнемі өнерін қолдап, одан соң жақсы хит әндері шыға бастады. Тіпті Астанада жеке кешін де берді, Алматыдан үй де алды. Бірақ, бірақ, бірақ…Негізі, бұл әңгіме басталғалы біраз болды ғой. Сол кездері көптеген ел ағалары, таныстар бәрі шулап жатты. Бірақ, Айгерім бала қарап, үйде баласының әкесін күтті. Жанель аяғы ауыр деген хабарды естігендегі жүрегінің ауырғанын басына түскен адам ғана түсінер, өте ауыр! Себебі, артқа қайтар жол да қалған жоқ, үміт сөнді", - деп жазды Турашева есімді желі қолданушысы.

Серіктес жаңалықтары