Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясы құрылады

19 қазан 2023 13:51 / Новости Казахстана

Сауда және интеграция министрлігі құрылатын Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясының жарғылық капиталы қанша болатынын жариялады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Қазақстанның жарнасы 20 пайызды құрады, яғни 25 млрд теңге шамасында. Бұдан бөлек, Беларусь – 30 пайыз, Ресей – 45 пайыз, Армения – 3 пайыз, сондай-ақ Қырғызстан 2 пайыз көлемінде жарғылық капиталға қаржы салады. Бұл қаражатты бір рет саламыз және бұл ақша компания ішінде айналымда болады.

Сенаттың жалпы олтырысында «Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясын құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Заң мақұлданды.

Заңның мақсаты – тараптардың экономикалық өсуіне жәрдемдесу, өзара және сыртқы сауда-экономикалық байланыстарын кеңейту бағытында 2022 жылғы 20 қазанда Ереван қаласында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер қол қойған Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясын құру.

Автор
Серіктес жаңалықтары