Эвакуация орталығындағы балалар сауықтыру орталығына жіберіле бастады
Эвакуациялық орталықтағы балалар сауықтыру орталықтарына жіберіле бастады. Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева айтты. Үкімет эвакуациялық орталықтарда орналасқан балалармен жұмыс істеу алгоритмін әзірледі, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.
«Су тасқыны басталғалы бері 99 869 адам құтқарылды, оның 37 мыңға жуығы – балалар. Қазір Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы эвакуациялық пункттерде 3194 бала бар. Жалпы, 54 эвакуациялық пункт мектептерде, жатақханаларда және интернаттарда орналасқан. Балаларға толыққанды тамақтану және оқу үшін барлық қажетті жағдай жасалды, қажет болған жағдайда киіммен, аяқ киіммен, канцеляриямен және техникалық құралдармен қамтамасыз етілуде. Эвакуация пункттерінде 400-ден астам мектеп психологы су тасқынынан зардап шеккен балалар мен азаматтарға психологиялық көмек көрсетіп жатыр», - деді ол.
Атырауда Жайық жағасындағы камералар онлайн трансляцияға қосылған.
«Осы жағдайда біздің бірінші міндетіміз - су тасқыны және қалпына келтіру жұмыстары аяқталғанға дейін балаларды оқумен, қолайлы жағдайлармен және жазғы демалыспен қамтамасыз ету. Қазір эвакуациялық орталықтарда тұрып жатқан балалар оқуын тыныш жалғастыра алуы үшін бастауыш сынып оқушылары 11 балалар сауықтыру лагеріне жіберіле бастады. 5-8 сынып оқушылары «Дарын», Білім инновация лицейлері және Назарбаев Зияткерлік мектептерінің интернаттарына орналастырылады. Ал 9-11 сынып оқушылары колледждер мен жоғары оқу орындарында орналасады», - деді Динара Зәкиева.