«Ирина Қайратовна» марқұм мобилографының құрметіне Еуропаға тур жасайды
"Ирина Кайратовна" тобы мобилографтың қайтыс болуына байланысты Астанадағы концерті өтпейтін болды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Әртістер мобилограф Шахназ Жылқайдаровтың құрметіне Еуропаға тур жасамақшы.
21 жастағы мобилограф кеше концерт басталардан бірнеше минут бұрын сахнада құлап қайтыс болған еді.
Күтпеген қайғылы оқиғадан кейін концерт болмай қалып, бүгін өтуі керек еді, алайда топ бүгін де концерт өтпейтінін хабарлады.
«Құрметті достар, «Ирина Қайратовбүгін де на» тобының жанкүйерлері! Астана қаласындағы концертте мобилограф, 21 жастағы Шахназ Жылқайдаровтың кенеттен өмірден озғанын қайғыра хабарлаймыз. Осыған байланысты Астанада 2023 жылдың 14-15 қазанына жоспарланған концерттер өтпейді. Шахназдың отбасы мен туған-туыстарының қайғысына ортақпыз, ИК командасы шын жүректен Шахназдың отбасына көңіл айтады және барынша қолдау, көмек көрсетеді. Біздің тарапымыздан болған қолайсыздық үшін жанкүйерлерімізден кешірім сұраймыз. Алдағы Еуропаға турымызды Шахназдың құрметіне өткізгелі отырмыз» делінген топтың әлеужеліде.
Шахназдың өліміне не себеп болғанын нақты білмейтінін айтып, жігіттің жазым болған сәтін желіде таратпауға шақырды.