Келер жылдан бастап ер адамдар бала күтімі бойынша жәрдемақы ала алмайды

16 қазан 2026 18:30 / Новости Казахстана

Жаңа талап келер жылы 1 қаңтардан бастап көшіне енеді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Енді бала бір жарым жасқа толғанға дейінгі күтіміне берілетін жәрдемақы тек әйелдерге төленеді. Ал ер адамдар мүлде алмайды.

Депутат Ләззат Қожахметтің сөзінше, әлеуметтік аударымдары төленген жұмыс істейтін әйелдер жүктілік пен босануға байланысты төлемдерді бұрынғыдай ала береді. Ал бала күтіміне берілетін төлемнің мөлшері бұрынғы табыстың 40%-на тең. Ол бала бір жарым жасқа толғанға дейін төленеді.

Бұл төлемдерді тағайындау кезінде отбасының әлеуметтік әл-ауқат санаты ескерілмейді.

Серіктес жаңалықтары