Келесі жылы ұлттың қайта өрлеуінің куәсі боламыз - Қасым-Жомарт Тоқаев

1 қаңтар 2024 3:11 / Новости Казахстана

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңажылдық бейнеқұттықтауында келер жылы қандай ірі шаралар өтетінін айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Жаңа жыл – әрдайым жаңа міндеттер жүктелетін, жаңа сын-қатерлерді еңсеретін кезең. Біз келесі жылы ұлттың қайта өрлеуінің куәсі боламыз. Мен бұған кәміл сенемін. Алайда бәсекеге қабілетті әрі дамыған ел болу үшін әлі де көп тер төгуіміз қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент жаңа жылда мемлекеттігімізді нығайту және халықтың әл-ауқатын арттыру жолындағы жүйелі реформалар жалғасатынын жеткізді.

«Біз заң мен тәртіптің үстемдігін орнықтыру үшін кешенді шаралар қабылдаймыз. Мемлекет тарапынан өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын, энергетика және экономиканың басқа да салаларын өркендетуді көздейтін тың бастамалар қолға алынады. Біз әлеуметтік жағдайы төмен, көмекке мұқтаж жандарға әрдайым қамқор боламыз. Мұғалім, дәрігер, құтқарушы, әскери қызметші, тәртіп сақшысы және басқа да кәсіп иелеріне қолдау көрсетеміз», - деді ол.

Сонымен бірге, жас ұрпақтың жарқын болашағына жол ашатын маңызды шешімдер қабылдануда. Жақында Ұлттық қордағы қаржының бір бөлігі балалардың есепшотына түсе бастайды.

«Еліміздің жастары болашаққа нық сеніммен қарауы керек. Келесі жылы ұлтымыздың тарихына байланысты бірқатар іс-шара өтеді. Халқымыздың тұлғаларын есте сақтап, олардың еңбегін дәріптеу – ұрпақ парызы. Сондай-ақ алдағы жылы елімізде Дүниежүзілік көшпенділер ойыны өтеді. Спортшыларымыз Жазғы олимпиадаға қатысады. Түптеп келгенде, әр азамат өз саласының нағыз маманы болуы керек. Сонда ғана Отанымыз өсіп-өркендейді», - деді Мемлекет басшысы.

Серіктес жаңалықтары