“Кембриджде оқыдым” деген Перизат Қайраттың біліміне қатысты сұмдық ақпарат тарады

23 шілде 2025 14:14 / Новости Казахстана

Перизат Қайраттың тек аяқталмаған орта білімі бар екені жайлы дерек қазақстандықтарды таңғалдырды, деп хабарлайды Arbat.Media Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеп.

Себебі ол әлеуметтік желіде өзін Кембридж университетінің студенті ретінде таныстырып келген еді. Белгілі болғандай, Перизат Қайрат (бұрынғы тегі — Қасенғалиева) Ақтауда 9 «Е» сыныбын бітірген. 2006 жылы Қаратаев атындағы Маңғыстау облыстық өнер колледжіне «хор дирижерлігі» мамандығына оқуға түсіп, 2008 жылы Алматыдағы Ж. Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжіне ауысады.

Бірақ сол жылдың 24 қазанында екінші курстан өз өтінішімен шығып кеткен. Колледж өкілдері оның тәртіп бұзбағанын растады. Сот процесі кезінде прокурор Мадина Оразалина Перизаттың есімі «Туран-Астана» университетінен табылған құжаттарда да кездесетінін айтты. Алайда университет ресми түрде:

«Перизат Қайрат біздің оқу орнымызда білім алмаған және біздің дипломымызды алмаған», — деп хабарлады.

Перизаттың Instagram парақшасында 2015–2016 жылдары Малайзиядағы Ноттингем университетінің кампусынан түсірілген фотолары бар. Ол бұл университетте оқығанын жазған. Расында, 2016 жылы оның атына берілген студенттік рұқсат қағазы болған. Бірақ бұл оқу орнына түсу үшін толық орта немесе арнайы орта білім қажет еді.

Қазіргі уақытта Перизат Қайраттың анасы да, кейбірі танымал блогерге айналған құрбылары да бұл тақырыпта түсініктеме бермей отыр.

Серіктес жаңалықтары