Көлік терезесін қараңғылаудың жаңа талаптары

25 шілде 2024 21:58 / Новости Казахстана

ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында көлік терезесін қараңғылауға қойылған шектеулер қалай өзгергенін түсіндірді. «Біз, жол ережелерінде пленкаларды қолдануға тыйым салу нормасын алып тастадық. Өйткені Кеден одағының техникалық регламентінде міндетті талаптар реттелген», - деді ол, - деп хабарлайды Arbat.media.

Қайсар Сұлтанбаев көлік терезесін қараңғылаған жағдайда көру аймағын қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды атады, - деп жазады Kazinform агенттігі. 

Ол

- көлік зауыттан шыққан кезде қос қапталындағы терезелері қараңғыланған болса;

- жүргізушінің жолдағы жағдайды толықтай көруін шектейтін қосымша заттардың немесе жабындардың болмауы керек;

- терезе әйнектерінің жарық өткізгіштігі кемінде 70% болуға тиіс;

- әйнектер ақ, сары, қызыл, жасыл, көгілдір түспен боялмауы керек.

Серіктес жаңалықтары