Колледж директоры қызметінен қуылып, 45 студент оқудан шығарылды

25 қараша 2026 11:20 / Новости Казахстана

Қостанай облысының Қарабалық ауданындағы агротехникалық колледжде бірқатар заң бұзушылық анықталды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Прокуратура жүргізген тексеріс барысында колледжде ресми тіркелген 45 студенттің сабаққа мүлде қатыспағаны белгілі болды. Салдарынан бюджет қаражаты негізсіз жұмсалған.

Сонымен қатар 65 студент тұратын жатақхананың техникалық жағдайынан елеулі кемшіліктер анықталған.

Тексеріс қорытындысы бойынша сабаққа қатыспаған 45 студент оқудан шығарылып, жеті оқытушы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Ал оқу орнының директоры қызметінен босатылды.

Серіктес жаңалықтары