“Көп құтырмаңдар”: Елдос “Колобок” гендер пати өткіземін деп оңбай сөз естіді
Тоғыз жыл күткен сәбиінің гендер патиін дүркіретіп жасаған Елдос "Колобок" сынға қалды, - деп хабарлайды Arbat.Media Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеп.
Желіде тараған кадрлардан баланың жынысын анықтау салтанатының соңы ұлан-асар тойға ұласқан.
"Gender Party кәдімгі үлкен той болып кетті. Жібердік биді", - деп жазды продюсер Әден Марғұлан.
Осы тұста желі қолданушылары түрлі пікір жазып, тіл мен көзден сақтануға шақырды.
"Көп құтырмаңдар көз тиеді. Енді туып алған соң құтырасыңдар", "Тіл-көз бар деген қазаққа жат қылық. Туылмаған баланы жуып не болды. Аман-есен қолына алған соң тойласа да болады", "Көз тимесін", "Туылмаған балаға той жасап", деп жазды олар.
Сондай-ақ қанша жыл күткеніне орай дүркіретіп тойлаған жарасады деп жазып жатқандардың да қарасы көп.