Костенко шахтасындағы апат: түрлі деңгейдегі 10 басшыға сот үкімі шықты
16 тамыз 2025 9:15 / Новости Казахстана
Костенко шахтасындағы апатқа байланысты түрлі деңгейдегі 10 басшыға сот үкімі шықты, деп хабарлайды Arbat.Media.
46 кеншінің өмірін жалмаған Костенко шахтасындағы апатқа қатысты сот үкімі шықты. Айыпталушы деп танылған шахтаның түрлі деңгейдегі 10 басшысына Қылмыстық кодексте көзделген ең жоғары жаза тағайындалды.
Шахта директоры 8 жылға, қалғаны 5 жылдан 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Денсаулығына байланысты бір сотталушыға жазасын үй қамағында өтеуге рұқсат берілді. Сот ісі шамамен алты айға созылып, 108 том іс материалдары қаралды.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы қазан айында Костенко шахтасында апат болып,жерасты жұмыстары кезінде 46 кенші қаза тапқан болатын. Онымен қоса 20-ға жуық адам жарақат алған.
29 қыркүйек 2026 18:15 / Новости Казахстана
Астанада бұрынғы күйеуінің қолынан қаза тапқан әйелдің ісіне қатысты 4 полицей ұсталды
29 қыркүйек 2026 17:35 / Новости Казахстана
Астанада 2,5 мың баланың пайдасына 2 млрд теңгеден астам алимент өндіріп алынды
29 қыркүйек 2026 16:37 / Новости Казахстана
Қазақстандықтар дербес деректерін жоюды талап ете алады
29 қыркүйек 2026 15:20 / Новости Казахстана
Түркістанда 9 айлық сәби батарейка жұтып қойған
29 қыркүйек 2026 14:18 / Новости Казахстана
Алматыда су мен кәріз қызметінің тарифі қымбаттайды
29 қыркүйек 2026 13:11 / Новости Казахстана