“Көз жасына тұнған шындық”: Тұрсынбектің тоқал алып, Мөлдірді тастап кеткені рас па?
Танымал продюсер Мөлдір Мұқанова сахна сыртында жылап тұрған видеосын жүктеді, деп хабарлайды Arbat.Media.
Видеодан Мөлдір Мұқанованың кезекті кино түсірілімі кезінде көз жасына ерік бергенін көруге болады. Ал қасындағылардың бірі оны жұбатып отырғанын байқауға болады.
«Всем на зло. Әлі жарқырайсың. Киноң да атады. Бәрі де атады. Өмірде бәрі күшті болады. Жаным, жыламашы. Мені де жылатасың қазір. Азын-ауақ сынақ. Ауыр болып тұр, білемін. Бірақ Алла тағала бәрін реттейді. Жылама», - деді жұбатып отырған адам.
Ал продюсер болса жылау себебінің астарында сыр жатқанын жасырмады.
«Сахнада - күлімдеген бейне. Камера сыртында - көз жасына тұнған шындық. Мөлдірдің көз жасы жай кадр емес. Бұл - жылдар бойы жиналған сырдың тамшысы ғана!», — деп жазды Мөлдір Мұқанова.