Күйеуінен әзер құтылған Ақтау тұрғыны полицейлерге наразы

10 маусым 2024 9:00 / Новости Казахстана

Күйеуінің үздіксіз соққысынан әрең қашып құтылған ақтаулық көп балалы ана бейнежазба арқылы көмек сұрады. Ол құқық қорғау органдарын әрекетсіздігі үшін айыптап, прокуратурадан жәрдем сұрап отыр, - деп хабарлайды Arbat.media.

Арайлымның бейнеүндеуін қордың президенті Дина Таңсәрі жариялады. Онда жәбірленуші Арайлым күйеуінің үстінен сотта ешқандай іс қозғалмағаны туралы ресми ақпарат алғанына қапалы екенін айтады, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Күйеуі осы уақытқа дейін 2-ықшамаудандағы учаскелік пунктте бірнеше рет болса да, құқық қорғау органдары оны тұрғылықты жері бойынша әлі таба алмай отырғанын түсіндіріп, қорғау нұсқамасы әлі шықпағанын айтқан.

«Менің үстімнен қылмыстық іс қозғалды, онда күйеуім мені ақша жымқырды деп негізсіз айып тағып отыр. Маған Астанада куәлік етуге рұқсат бере тұрып, сол уақытта полиция бөлімінің аға тергеушісінен мені Ақтауға әкелу туралы қаулы аламын», — дейді Арайлым.

Көпбалалы ана күйеуі оны тамыр-таныс арқылы бала-шағасына, ақшаға қатысты бірнеше рет қорқытып-үркіткенін айтады.

«Қорғау нұсқамасын тауып бере алмаған учаскелік инспектор Абзал Қырғабақовтың үстінен қызметтік тергеу бастауды сұраймын. Ақтау қалалық ІІБ аға тергеушісінің мені қалаға мәжбүрлеп әкелу туралы қаулысының күшін жоюды талап етемін. Себебі, кәмелетке толмаған балаларым бар және оларды өзім асырап, бағып-қағып отырғандықтан, мен оларды жалғыз қалдыра алмаймын. Маған тұрғылықты жерім бойынша куәлік беруге рұқсат берілсін. Мен соңғы жағдайлардан кейін құқық қорғау қызметкерлеріне сенбеймін. Бір ай бойы барлық бөлім басшылары мен полиция бөлімшелерінен көмек сұрап, маған жәрдемдесуін, қорғауын сұрадым. Аттарын жіпке тізіп бере аламын. Менде олардың осы оқиғаға қатысы барын дәлелдейтін нақты дәлелдер бар. Олар мені барынша райымнан қайтуға сендіргісі келді. Солардың кесірінен қаладан кетуге мәжбүр болдым», — дейді Арайлым.

Әйел Маңғыстау облысының прокуратурасына істі жеке бақылауға алып, өзінің және балаларының жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ететін барлық тиімді шараларды тез арада қабылдауын сұрап, арызданған.

Естеріңізге сала кетейік, үш баланың анасы Арайлым күйеуінің қоқан-лоққысы мен қудалауынан қорқып, Ақтаудан қашуға мәжбүр болған. Соққыдан кейін полицияның қорғау туралы бұйрығы өкінішке қарай күйеуінің мінез-құлқына ешқандай әсер етпеген. Жәбірленуші сондай-ақ күйеуі оны әлі аңдып, көлігінің терезесін сындырғанын айтқан.

Ақтау қаласының Полиция департаменті ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылғанын хабарлады. Ол сондай-ақ қорғау тәртібін бұзғаны үшін қамауға алу түріндегі жазаға кесілді.

Материал 10 тәулікке қамауға алу туралы ұйғарыммен сот органына жіберілді. Алайда жәбірленушінің күйеуі тағылған айыптарға келіспей, жала деп отыр.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Dinara Smailova (@dinatansari)

Серіктес жаңалықтары