«Курс сатып, көлік ойнатқан» Жаңабыловтардың ісі сотқа өтті

28 тамыз 2025 18:16 / Новости Казахстана

Ерболат Жаңабылов пен Эльмира Төлегенова өткізген байқау төңірегіндегі дау сотқа келіп жетті, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ойын бизнесі мен лотереяны реттеу комитетіне азаматтардан шағым түсті. Олар акцияның лотереялар туралы заң талаптарына сәйкес келетінін тексеруді сұраған. Ведомство Ерболат Жаңабыловқа түсініктеме беруді талап етіп хабарлама жолдаған. Осыдан кейін Жаңабыловқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылғанын хабарлады.

Ал блогердің адвокаты іс қарау үшін Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілгенін мәлімдеді.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның Туризм және спорт министрлігі инстаграмда блогерлер Ерболат Жаңабылов пен Эльмира Төлегенова өткізген байқауды тексеру басталғанын хабарлады.

Серіктес жаңалықтары