Лондонға бағыт алған Air Astana ұшағы Франкфуртқа қонды
9 қыркүйек 2026 15:22 / Новости Казахстана
Air Astana компаниясының Алматыдан Лондонға бағыт алған ұшағы Германияның Франкфурт қаласына қонуға мәжбүр болды. Себебі Лондондағы Хитроу әуежайы техникалық ақауға байланысты жабылған, деп хабарлайды Arbat.Media.
Ұшақ бортында 138 жолаушы болған. Шенген визасы жоқ 67 адам транзиттік аймақта қалды. Ал қалған жолаушыларды Франкфурттегі қонақүйлерге орналастыру жұмыстары жүріп жатыр.
Хитроу әуежайының жұмысы қалпына келгеннен кейін ұшақ қайта Лондонға аттанады. Елдің ірі әуежайларының жұмысына әсер еткен ақау ұшу мәліметтерін өңдеу жүйесінен табылған. Осыған байланысты Хитроуда 100 ұшақ рейсі тоқтатылып, 367-сі кешіктірілді.
Инженерлер әуе қатынасын басқару жүйесін қалпына келтіріп жатыр.
23 қазан 2026 18:30 / Новости Казахстана
Тоқаев Назарбаев туралы сөз қозғады
23 қазан 2026 16:20 / Новости Казахстана
Анасы байқамай қалған: Түркістан облысында сәби сырға жұтып қойған
23 қазан 2026 15:30 / Новости Казахстана
Тибеттегі жер сілкінісінен 16 адам қаза тапты
23 қазан 2026 14:28 / Новости Казахстана
2027 жылдан бастап Қазақстандағы барлық балабақша лицензия алуға міндеттеледі
23 қазан 2026 13:28 / Новости Казахстана
Әкесі мен баласы 77 бас жылқы ұрлады деген күдікке ілінді
23 қазан 2026 12:15 / Новости Казахстана