«Майқайың алтын» кенішіндегі апат: 4 адамның өліміне байланысты 6 адам сотталды

27 қараша 2025 10:20 / Новости Казахстана

«Майқайың алтын» кенішінде құтқарушылардың қаза болуы туралы іс бойынша 6 айыпталушы түрлі мерзімге сотталды. Сот оларды ҚР ҚК 277-бабы бойынша (тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу) кінәлі деп тапты. Сотталғандар арасында кәсіпорынның бұрынғы бас директоры да бар, деп хабарлайды Arbat.Media.

Кәсіпорынның бұрынғы директоры Қуаныш Ботин 4 жылға сотталды. Ал оның орынбасары Қанат Башаров пен бас инженер Андрей Шувалов 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ кәсіпорын инженерлерінің бірі Иван Терешковтың 5 жылға бас бостандығы шектелді. Тағы екі инженер Дінмұхаммед Қайыпханұлы мен Берік Назаров 3 жылға сотталды.

Еске салайық, 2024 жылдың 4 қаңтарында «Майқайыңалтын» жерасты кенішінің опырылуы салдарынан жедел жеткен үш құтқарушы мен жүргізуші отырған көлік шұңқырға құлап, төртеуі қаза тапқан еді.

 

 

 

Серіктес жаңалықтары