Майқайыңдағы апат: Елорда соты құтқарушылардың өліміне жұмыс беруші тарап кінәлі деп таныды
Елорда соты «Майқайыңалтын» АҚ-да болған апат жұмыс беруші тараптың кінәсінен болғандығын тағы бір мәрте растады. Осылайша кәсіпорын талабын қанағаттандырудан бас тартып, 2024 жылғы 16 сәуірдегі шешімін өзгеріссіз қалдырды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Биылғы сәуір айында Астананың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты ішінде «КӘАҚҚ РО» ЖШС-не қарасты 4 құтқарушы бар автобустың ойыққа құлауына кеніш иесі – «Майқайыңалтын» компаниясы кінәлі деген қорытындыға келді келген еді, - деп жазады Kazinform агенттігі.
Қайғылы оқиға жауапты тұлғалардың әрекетсіздігінен туындаған. Істің мән-жайларынан 2024 жылғы 4 қаңтарда «Майқайыңалтын» АҚ Майқайың жерасты кенішінің аумағында «КӘАҚҚ РОШ» ЖШС қызметкерлерімен автобус тазарту кеңістігіне түсіп, нәтижесінде 4 құтқарушы қаза тапты.
«Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті төрағасының 2024 жылғы 4 қаңтардағы бұйрығымен құрылған комиссия өліммен аяқталған еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаның себептерін тергеп-тексеруді жүргізді, топтық жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру актісін (актіні) жасады. Жазатайым оқиға жұмыс уақытында «КӘАҚҚ РОШ» ЖШС қызметкерлерінің еңбек міндеттерін орындау кезінде орын алды. Актімен жұмыс берушінің кінәсі 100% анықталды (актінің 6.3-тармағында көрсетілген жауапты тұлғалардың әрекеттерінен (әрекетсіздігінен) туындаған жазатайым оқиғаның себептерін негізге ала отырып). Астана қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 16 сәуірдегі шешімін өзгеріссіз қалдырды (арнайы тергеу актісінің бөлігін заңсыз деп тану және күшін жою туралы). «Майқайыңалтын» АҚ орын алған жазатайым оқиғада өзінің кінәсін жоққа шығарып, бұл актіні даулады. Сотта жазатайым оқиға «Майқайыңалтын» қауіпті өндірістік объектісінде технологиялық жолдың жоғарғы қабатының шахтаның тазарту кеңістігіне құлауы және «КӘАҚҚ РОШ» ЖШС құтқарушыларымен бірге автобустың құлауы салдарынан болғаны анықталды»,- деп хабарлады Астана қалалық сотынан.
Соттар комиссия актіде «Майқайыңалтын» АҚ-ның 100% кінәсін негізді түрде көрсетті деген қорытындыға келді, өйткені болған жазатайым оқиға талапкердің өндірістік қызметімен тікелей байланысты.
Соттардың қорытындылары сотта зерттелген тергеу материалдарымен, оның ішінде сараптама ұйымдарының қорытындыларымен расталды.
Елорда соттары арнайы тергеу актісінің даулы қорытындылары заңды және негізді деп тапты, ал «Майқайыңалтын» АҚ-ның талабын қанағаттандырудан бас тартылды.
Жергілікті соттардың сот актілері заңды күшіне енген жоқ.