Мамырда жауын-шашын шамадан көп болады
«Қазгидромет» РМК мамыр айына арналған консультативтік ауа райы болжамын ұсынды. Суық толқындарда ауа температурасы төмендейді. Солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда, сондай-ақ елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда түнде -5 градусқа дейін, күндіз +15°C дейін, батыста және ҚР оңтүстік бөлігінде - түнде +5 градусқа дейін, күндіз +26°C дейін болжанып отыр, - деп хабарлайды Arbat.media.
«Мамыр айында ауа температурасы республиканың басым бөлігінде нормадан 1-2° жоғары болады деп болжанып отыр. Онда жауын-шашын мөлшері еліміздің батысында, оңтүстік, орталық өңірлерінде шамадан көп болады. тБір ай бойы ауа райы тұрақсыз болады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады, кей жерлерде бұршақ түседі. Бірнеше күн жоғары температуралық фон сақталады деп болжанып отыр. Республиканың солтүстік бөлігінде күндіз ауа температурасы +35°C дейін, оңтүстік бөлігінде +40°C дейін ыстық болады», - деді «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова.