Маңғыстау облыстық құрылыс басқармасының басшысы сотталды
12 мамыр 2024 12:00 / Новости Казахстана
2024 жылғы 25 сәуірде Ақтау қалалық соты облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Айнұр Манкешоваға және «Аско Сервис Шетпе» ЖШС өкілі Айдарбек Атадусовқа қатысты іс бойынша үкім шығарды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Аталған тұлғалар мектеп құрылысына техникалық қадағалау қызметтерін мемлекеттік сатып алу шарты бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойғанына 5 млн теңге сомасында пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.
Сот үкімімен Манкешова 3,5 жылға, Атадусов 2 жылға бас бостандығынан айырылып, өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
10 қараша 2026 9:14 / Новости Казахстана
10 қарашада ауа райы қандай болады?
9 қараша 2026 18:30 / Новости Казахстана
Мұнай өнімдерін экспорттауға салынған тыйым тағы алты айға ұзартылды
9 қараша 2026 18:16 / Новости Казахстана
Роботтар жұмысқа шықты: автоматтандырудың жаңа толқынынан кім табыс табады?
9 қараша 2026 17:28 / Новости Казахстана
Түркістанда аудан орталығындағы балалар алаңында екі әйел төбелесті
9 қараша 2026 16:07 / Новости Казахстана
Астанада Есіл өзенінен ер адамның мәйіті табылды: полиция не дейді?
9 қараша 2026 15:35 / Новости Казахстана