Маңғыстауда жалған құжат жасағандар анықталды
17 мамыр 2025 14:23 / Новости Казахстана
Маңғыстауда заңсыз көші-қон арнасы анықталды, деп хабарлайды Arbat.media.
Маңғыстау облысының ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел қызметкерлері шетел азаматтарына тіркеу, уақытша болу мерзімін ұзарту және ХҚКО арқылы рұқсат алу бойынша жалған қызметтер көрсетумен байланысты заңсыз схеманың жолын кесті.
15 мамырда жедел іс-шаралар барысында 3 күдікті ұсталды. Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Тінту барысында:
- әртүрлі ЖШС-нің 70-тен астам мөрі;
- шетел азаматтарының 75-ке жуық төлқұжаты;
- электрондық ақпарат тасығыштар, техника, банк карталары, ХҚКО құжаттарының түпнұсқалары;
- шамамен 2 млн теңге қолма-қол ақша;
- 2 көлік тәркіленді.
Аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.
6 қазан 2026 16:19 / Новости Казахстана
Алматы облысында екі баланы қаққан жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен
6 қазан 2026 15:10 / Новости Казахстана
Жоқ пәтерлерді жалға ұсынған: Қарағандыда студенттерді алдаған әйел ұсталды
6 қазан 2026 14:22 / Новости Казахстана
Ақмола облысында тұрғын мас күйде құрбысының көлігін ұрлап, жол апатына түскен
6 қазан 2026 12:30 / Новости Казахстана
Қанат Айтбаев жалғыз қызына ән арнады
6 қазан 2026 11:10 / Новости Казахстана
Қорғаныс министрлігін тексеру жөніндегі комиссия алғашқы нәтижені жариялады
6 қазан 2026 10:20 / Новости Казахстана