Мақпал Жүнісова Ұлттық госпитальдің қызметінен бас тартпақ

8 қазан 2026 17:47 / Новости Казахстана

Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Ұлттық госпиталіндегі тіркеуден шығуға ниетті екенін айтты. Әнші медициналық мекеме қызметкерлерінің қайта-қайта хабарласып, тексеруден өтуге шақыратынына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Өнер иесінің сөзінше, халық арасында “Совмин” деген атаумен белгілі медициналық мекемеге ол 1994 жылдан бері тіркелген. Мұнда халық әртістері мен еңбек сіңірген әртістер де медициналық қызмет ала алады.

Алайда Мақпал Жүнісова осы уақытқа дейін госпиталь ұсынатын кейбір жеңілдіктерден бейхабар болғанын жеткізді. Атап айтқанда, әнші жыл сайын санаторийге тегін жолдама алу мүмкіндігі бар екенін жақында ғана білген.

“Жыл сайын санаторийлерге тегін жолдама берілетінін енді білдім. Біз де баруымыз керек екен. Бірақ осы уақытқа дейін оның біреуін де пайдаланған емеспін. Неге маған айтпаған деп таңғалдым”, – деді ол.

Серіктес жаңалықтары