Мас бойжеткен көлігімен әйелді қағып өлтірді

1 желтоқсан 2023 17:34 / Новости Казахстана

Астанада мас күйде көлік жүргізген қыз тұрғын үйдің ауласында алдымен адамды қағып, одан әрі тұрақтағы үш көлікке соғылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

42 жастағы жаяу жүргінші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, деп жариялады Астана ПД баспасөз қызметі.

Жол-көлік оқиғасының видеосы ПД әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды. 

Toyota Camry айдаған 20 жастағы жүргізуші уақытша ұстау абақтысына қамалды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Астана Қаласының Полиция Департаменті (@police__astana)

«Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша Астана қаласының Полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын тұлғалардың абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы немесе көлiк құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы) бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұл баптың санкциясы бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жауапкершілікті көздейді. Тиісті сараптамалар тағайындалды», - делінген мәліметте.

Серіктес жаңалықтары