Мәскеуде Абай институтын құру ұсынылды

18 қазан 2023 0:23 / Новости Казахстана

Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев Мәскеуде қазақ мәдениетінің қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерімен кездесті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы ҚазАқпарат жариялады.

Дәурен Абаев Қазақстан басшылығы шетелде тұратын отандастарды қолдауға ерекше көңіл бөлетінін атап өтті. Ол Мәскеудегі қазақ диаспорасын Қазақстан мен Ресейдің рухани-мәдени жақындасуының жасампаз саясатының негізгі буыны және жүргізушісі деп атады.

Өз кезегінде қонақтар туған жерден жырақта жүргенде өздерінің тарихи Отанымен ажырамас байланысты сезінетінін, Қазақстанда болып жатқан барлық оқиғалардан хабардар екенін және өскелең ұрпақтың ана тілін, мәдениеті мен салт-дәстүрін үйренуіне белсенді түрде ықпал ететінін атап өтті. Олар көрсетілген ілтипат пен қолдау үшін алғыстарын білдіріп, өзара қарым-қатынас бойынша ұсыныстарын білдірді.

Қазақтың этникалық мәдениетін сақтау және дамыту жөніндегі коммерциялық емес ұйымдар одағы кеңесінің жауапты хатшысы Полат Джамалов Мәскеуде Гете мен Сервантес институттарына ұқсас Абай институтын құру туралы бастама көтерді. Сондай-ақ ол республикада әр жылдары өмір сүріп, еңбек еткен және осы кезеңнің жылы естеліктерін сақтаған ресейліктер арасынан Қазақстанның достары қауымдастығын қайта жаңғыртуды ұсынды.

Автор
Серіктес жаңалықтары