Мәжіліс амнистия туралы заң жобасын жұмысқа алды
Мәжіліс амнистия туралы заң жобасын жұмысқа алды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Мәжіліске жаңа заң жобалары келіп түсті. Олардың қатарында «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы» заң жобасы және оған ілеспе түзетулердің екі пакеті де бар.
«Жобалармен қылмыстық рақымшылық шеңберінде зиян келтіруге әкеп соқпаған не оны толық өтеген ауырлығы аз немесе орташа қылмыстық теріс қылықтар мен қылмыстар бойынша жауаптылықтан босату, ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша толық өтелген жағдайда мерзімдерді қысқарту ұсынылады. Әкімшілік рақымшылық шеңберінде ҚР азаматтары болып табылатын жеке тұлғалар, кәсіпкерлік субъектілері, жеке нотариустар, адвокаттар, қандас мәртебесі бар адамдар және басқа да адамдар осы заң қолданысқа енгізілген күнге орындалмаған әкімшілік айыппұл түрінде салынған әкімшілік жазадан босатылады», – деді Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева.