Мәжіліс вейпке тыйым салатын заң қабылдады
25 қаңтар 2024 13:23 / Новости Казахстана
Елімізде электронды темекілерді тасымалдауға, өндіруге және сатуға тыйым салынады. Тиісті заңды бүгін Мәжіліс депутаттары екінші оқылымда мақұлдады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Депутат Гүлдара Нұрымованың айтуынша, «Кейбір заңнамалық актілерге денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңда жаңа стандарттар қарастырылған.
«Электронды темекілерді (вейп) елге әкелуге, өндіруге, сатуға және таратуға толық тыйым салуды белгілейтін нормалар белгіленді», деді депутат Мәжілістің жалпы отырысында.
Сондай-ақ құжат медициналық көмек көрсету кезінде клиникалық хаттамаларды міндетті түрде қолдануды алып тастайды.
Заң Сенаттың қарауына жіберіледі.
16 қазан 2026 18:30 / Новости Казахстана
Келер жылдан бастап ер адамдар бала күтімі бойынша жәрдемақы ала алмайды
16 қазан 2026 17:37 / Новости Казахстана
Төрт оқушы партаның астынан тапқан таблеткадан уланып қалды
16 қазан 2026 14:16 / Новости Казахстана
Гүлнар Досаева 100 млн теңге капиталы бар компания құрды
16 қазан 2026 13:27 / Новости Казахстана
Алматыда 11 жастағы баланы жасөспірімдер қорлаған
16 қазан 2026 12:30 / Новости Казахстана
Семейде нәрестені қоқысқа тастаған экс-полицей өмір бойына сотталды
16 қазан 2026 11:15 / Новости Казахстана