Мемлекет басшысы Кения президенті Уильям Рутоны Қазақстанға шақырды

20 қыркүйек 2023 9:46 / Новости Казахстана

Мемлекет басшысы Кения Республикасының президенті Уильям Рутомен кездесті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Кездесу барысында Кениямен сауда-экономикалық қатынастарды кеңейту мәселелері талқыланды.

Президент Кенияны Африка құрлығындағы қарқынды дамып келе жатқан елдердің бірі ретінде атап өтіп, өзара ынтымақтастықты дамытуға ерекше қызығушылық туғызатын мемлекет екенін жеткізді.

– Мен Кенияның даму барысын, экономикалық және сыртқы саясатын қадағалап отырамын. Сондай-ақ Қазақстан мен Кения арасындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеру үшін бірлесе әрекет етуге дайынмын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өз кезегінде Уильям Руто қазақстандық компанияларды Кения экономикасына белсенді түрде инвестиция құюға, соның ішінде астық терминалын салу арқылы Момбаса портын кеңейту мүмкіндігін қарастыруға шақырды.

Автор
Серіктес жаңалықтары