Мемлекет басшысы Сербия Президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
27 ақпан 2026 14:46 / Новости Казахстана
Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Вучичті халық қолдауына арқа сүйеп, елін алға бастап келе жатқан нағыз көшбасшы, беделді саясаткер деп санайтынын жеткізді, деп хабарлайды Arbat.Media.
«Қазіргідей алмағайып кезеңде өзара әріптестікті жандандыру өте маңызды. Сондықтан біз осы қарқынды сақтап, түрлі саладағы ықпалдастықты дамытуға мүдделіміз. Бұған толық мүмкіндік бар. Өзара сенім мен достық рухында өткен мазмұнды келіссөздер – соның айқын дәлелі. Бүгінгі келісімдер серіктестігімізді жаңа деңгейге көтереді деп санаймын. Біз бұл бағытта бірлесіп әрекет етуге әрдайым дайынбыз», – деді Президент.
Сербия Президенті мұндай марапатты иелену зор мәртебе екенін, бұл екі ел арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға ықпал ететінін айтты.
28 тамыз 2026 15:10 / Новости Казахстана
Қазақстанда бензин сапасына қатысты шағым көбейген соң тексеріс басталды
28 тамыз 2026 14:22 / Новости Казахстана
Белгілі тележурналист Тілеуқабыл Мыңжасар өмірден өтті
28 тамыз 2026 13:07 / Новости Казахстана
Қызылордада мотоскутер тізгіндеген жасөспірім жас жігітті қағып кетті
28 тамыз 2026 12:20 / Новости Казахстана
Өскеменде 30 жастағы жігіт бір пәтерді 25 адамға сатып, 186 млн теңге табыс тапқан
28 тамыз 2026 11:19 / Новости Казахстана
«Ұмай» бағдарламасына өтінім қабылдау 31 тамызда басталады
28 тамыз 2026 9:26 / Новости Казахстана