Мемлекет басшысы Вьетнам президентіне жеделхат жолдады
7 сәуір 2026 11:06 / Новости Казахстана
Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Ламды Президент болып сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды Arbat.Media.
– Сайлаудағы жеңісіңіз елді саяси-экономикалық тұрғыдан өркендетуге және ұлттық мүддені халықаралық деңгейде ілгерілетуге бағытталған маңызды жоспарларыңызға азаматтардың сенімі жоғары екенін көрсетеді. Сіздің парасатты саясатыңыз бен қажырлы еңбегіңіздің арқасында Отаныңыз бүгінгіден де биік белестерге жете беруіне тілектеспін, – деп жазылған жеделхатта.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы Вьетнамды Қазақстанның Азиядағы маңызды серіктестерінің бірі ретінде атап өтіп, өзара стратегиялық әріптестік қос халықтың игілігі үшін одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.
6 қазан 2026 15:10 / Новости Казахстана
Жоқ пәтерлерді жалға ұсынған: Қарағандыда студенттерді алдаған әйел ұсталды
6 қазан 2026 14:22 / Новости Казахстана
Ақмола облысында тұрғын мас күйде құрбысының көлігін ұрлап, жол апатына түскен
6 қазан 2026 12:30 / Новости Казахстана
Қанат Айтбаев жалғыз қызына ән арнады
6 қазан 2026 11:10 / Новости Казахстана
Қорғаныс министрлігін тексеру жөніндегі комиссия алғашқы нәтижені жариялады
6 қазан 2026 10:20 / Новости Казахстана
Әйелін ит қапқан: Ақмола облысында жануарды балтамен өлтірген ер адамға үкім шықты
6 қазан 2026 9:33 / Новости Казахстана