Мемлекет сотталған Жанабыловтардың сегіз көлігін өз балансына алды
Сотталған Жанабыловтар отбасы иелігіндегі тәркіленген сегіз Hyundai Elantra 2025 жылғы автокөлігі мемлекетке берілді. Сауда-саттық 7 шілдеде мемлекеттік аукцион сайтында өтті, деп хабарлайды Arbat.Media.
Барлық көліктер бірдей, тек түстері ғана әртүрлі: үшеуі көк, екеуі қызыл, сондай-ақ қара, ақ және сұр түсті. Әр автокөлік шамамен 8,4 миллион теңгеге бағаланған. Бұған дейін олар Zhana Business ЖШС-ның атына тіркелген. Аукционда сатып алушылар табылмағандықтан, көліктерді мемлекеттік заңды тұлғалардың балансына беру туралы шешім қабылданды.
2026 жылғы 27 сәуірде Астанада блогер Ерболат Жанабылов пен оның жұбайы Эльмира Төлегеноваға қатысты сот процесі аяқталған болатын. Олар заңсыз кәсіпкерлік және қылмыстық жолмен алынған табысты заңдастыру ісі бойынша сотталды.
Прокурор екеуіне де төрт жыл бас бостандығынан айыру жазасын және мүлкін тәркілеуді сұраған.