Мемқызмет: Павлодардағы мекемелерде 400-ден астам орын бос тұр

28 қазан 2024 9:23 / Новости Казахстана
Фото: Павлодар облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі

Павлодар облысындағы мемлекеттік қызметшілердің саны – 3659 адам. Ал бөлінген штат саны – 4083 орын. Мемлекеттік аппаратта әлі де 400-ден астам бос жұмыс орны бар. Ертіс-Баян өңірінің мемлекеттік аппаратында қызметшілердің жетіспеушілігі байқалады. Барлық 4083 жұмыс орнының 10%-ы бос тұр, - деп хабарлайды Arbat.media.

- Мемлекеттік қызмет саласында 3659 адам еңбек етіп жатыр. Өңірдегі мемлекеттік қызметшілердің орташа жасы – 41,8 жас, ал орташа еңбек өтілі – 12,8 жыл. Мұндай статистика соңғы үш жылда тұрақты сақталып отыр. Мемлекеттік аппараттағы штаттардың 10%-ы бос. Кейбір лауазымдар бір жыл және одан да көп уақыт бос тұр. Әлгіндей вакансиялар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында, құрылыс пен сәулет және жер қатынастары салаларында байқалады,-дейді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы Асхат Ескендіров, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Жергілікті мемлекеттік органдардағы әйелдердің үлесі шамамен 70%-ға жетеді.

Серіктес жаңалықтары