Meta вице-президенті Янн Лекун Қазақстан Президентімен кездесті

22 қыркүйек 2025 20:35 / Новости Казахстана

Мемлекет басшысы Meta компаниясының вице-президенті Янн Лекунды қабылдады, деп хабарлайды Atbat.Media.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Meta компаниясының вице-президенті, жасанды интеллектіні зерттеу бөлімінің (FAIR) бас ғылыми жетекшісі Янн Лекун инновациялық технологияларды дамыту және қолдану жөнінде пікір алмасты.

Мемлекет басшысы нейрожелілер саласындағы Янн Лекунның жаңашыл жетістіктерін жоғары бағалап, оның жасанды интеллектіні дамытуға қосқан үлесін атап өтті.

Президент Қазақстанның жаппай цифрландыруды және жасанды интеллектіні дамудың басты факторы ретінде кеңінен қолдануды қарастырып отырғанын айтты. Сондай-ақ елде дербес ЖИ экожүйесін құру және Қазақ тілінің үлкен тілдік моделін (KazLLM) жасақтау бағытында ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Meta Platforms Inc компаниясымен Қазақстанда ЖИ технологияларын дамыту бойынша бірлескен акселерациялық бағдарламаны іске қосу жөніндегі келісімді қолдап, технология алыбымен өзара тиімді серіктестікті одан әрі нығайтуға дайын екенін растады.

Серіктес жаңалықтары