Мойынқұмда 4 жігітке оқ атқан екі күдіктіге іздеу жарияланды

30 шілде 2025 20:33 / Новости Казахстана

Мойынқұмда 4 жігітке оқ атқан екі күдіктіге іздеу жарияланды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қазір 19, 22, 26 және 28 жастағы ауыл тұрғындары аудандық ауруханада жатыр. Оларға операция жасалды.

Ал 28 жастағы науқастың жағдайы ауыр. Резеңке оқ оның басына, кеуде қуысы мен білегіне тиіп жамбас тұсының бірнеше жерін тесіп өткен. Қазір қылмыстық іс қозғалып, 26 және 28 жастағы 2 күдіктіге іздеу жарияланды.

Оқ жаудырған алматылық күдіктілер оқиға орнынан екі “Лэнд крузер” көлігімен қашып кеткен.

Айта кетейік, Кеше, 29 шілде күні кешкі сағат 21:00 шамасында Жамбыл облысы Мойынқұм ауылында жаппай төбелес болып, арты атысқа ұласты. Оқиға Амангелді көшесіндегі дүкендердің бірінде болған. Сауда орнының кіреберісінде бір топ белгісіз адамдар өзара жанжалдасып қалды. Қақтығыс төбелеске ұласып, жастар бір-біріне оқ атқан. Кейбір дереккөздерде төбелес ұйымдастырғандар үйлену тойының қонақтары екені айтылды. Болған жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмысы жүріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары