Мүгедектігі бар азаматтарға төленетін жәрдемақы мөлшері өсті
5 қаңтар 2024 14:12 / Новости Казахстана
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап, мүгедектігі бар азаматтарға берілетін әлеуметтік жәрдемақы көлемі өсті, - деп хабарлайды Arbat.media.
Аталған жәрдемақы көлемі ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне қарай артады. 2024 жылы ең төменгі күнкөріс деңгейі 43 407 теңгеге теңестірілді. Осыған байланысты мүгедектігі бар адамдарға бюджет есебінен ай сайын төленетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының мөлшері де көбейді.
Биылғы ең төменгі күнкөріс деңгейіне қарай артқан жәрдемақы мөлшері мынадай:
7 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаға – 1,61 ең төменгі күнкөріс деңгейі = 69 885 теңге;
бала кезінен I топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 2,20 ең төмен күнкөріс деңгейі = 95 495 теңге;
бала кезінен II топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 1,83 ең төмен күнкөріс деңгейі = 79 435 теңге;
бала кезінен III топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 1,61 ең төмен күнкөріс деңгейі = 69 885 теңге беріледі.
Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-анаға да мемлекет ай сайын әлеуметтік жәрдемақымен қамтиды. Оларға берілетін жәрдемақы мөлшері санатына қарай мынадай:
Оларға 1,61 ең төмен күнкөріс деңгейіне тең 69 885 теңге жәрдемақы төленеді. Сондай-ақ I топтағы мүгедектігі бар адамға тікелей күтім жасайтын адамға, онымен туыстық байланысына қарамастан жәрдемақы тағайындалады. Оның мөлшері 69 885 теңгені құрайды.
6 қараша 2026 17:48 / Новости Казахстана
Ақтөбеде әйел бұрынғы күйеуінің қолынан қаза тапты
6 қараша 2026 16:25 / Новости Казахстана
Есірткі саудасынан түскен ақша криптовалюта арқылы заңдастырылған
6 қараша 2026 15:39 / Новости Казахстана
Тағы 3 өңірде орташа жылдамдықты бақылау камералары іске қосылады
6 қараша 2026 14:19 / Новости Казахстана
Қазақстан мен Өзбекстан арасында ұшақтар жиі қатынайтын болды
6 қараша 2026 13:14 / Новости Казахстана
Қорғаныс министрлігіндегі тексеріс: 37 қылмыстық іс қаралып жатыр
6 қараша 2026 10:25 / Новости Казахстана