«Наурыз жұмыскер» ипотекасына өтінім жыл соңына дейін қабылданады
28 қыркүйек 2025 12:40 / Новости Казахстана
«Наурыз жұмыскер» ипотекасына өтінім жыл соңына дейін қабылданады, деп хабарлайды Arbat.Media.
«Наурыз жұмыскер» бағдарламасы аясында 7 айда екі мыңнан астам азамат баспаналы болды. Өтінімдер жыл соңына дейін қабылданады.
Бағдарлама өндіріс, көлік, ауыл шаруашылығы және су ресурстары саласында еңбек ететін мамандарға арналған. Астана мен Алматыда 36 миллион, өңірлерде 30 миллион теңгеге дейінгі үйлерді сатып алуға мүмкіндік бар.
Несие әлеуметтік осал топтарға – 7%, өзгелерге – 9%. Дайын пәтерге алғашқы жарна – 10%, әрленбеген баспана мен жер үй үшін – 20%.
Өтінім тек «Отбасы банк» бөлімшелерінде қабылданады. Үкімет бөлген 72 миллиард теңге есебінен жыл соңына дейін 2,5 мыңға жуық маман үйлі болады деп жоспарланған.
12 қазан 2026 18:15 / Новости Казахстана
Көріпкел әйел Ырысбала туралы мәлімдеме жасады
12 қазан 2026 17:32 / Новости Казахстана
Сәкен Бибосынов жаттығуда жарақат алып, ауруханаға түсті
12 қазан 2026 14:30 / Новости Казахстана
Шетелдік азамат алматылық әйелге тиіскен
12 қазан 2026 13:14 / Новости Казахстана
Дариға Бадықова мен Олжас Абай шаңырақ көтерді
12 қазан 2026 12:22 / Новости Казахстана
Жетісу облысында сыныптасымен жанжалдасқан оқушы қаза тапты
12 қазан 2026 10:30 / Новости Казахстана