Назарбаев Университетінің ректоры Шигео Катсу блогер Кривошеевті сотқа береді

29 қараша 2022 23:10 / Новости Казахстана

Назарбаев Университетінің ректоры Шигео Катсу блогер Денис Кривошеевті әлеуметтік желілерде жариялаған жазбалары үшін сотқа береді. Онда ол жоғары оқу орны мен Назарбаев Зияткерлік мектептерін «абыройлы емес»  мекемелер деп атап, олардың дамуына миллиардтаған теңге бөлудің орындылығына күмән келтірді.

Өздеріңіз білесіздер, 2009-2022 жылдары Назарбаев Университеті мен НЗМ қаржыландыруға республикалық бюджеттен 800 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Биыл, атап айтқанда, мектепке 12,4 млрд теңге, ал университетке – 2,8 млрд теңге жұмсалды. Үлкен ақша. Осындай қаржыландырумен мекемелердің беделі мінсіз болады деп күтесіз. Сонымен қатар, олардың құрылтайшысы – ҚР Үкіметі. Алайда олай емес, - деп жазды Кривошеев әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сонымен қатар, ол ректорды өзінің хатшысы Әсемгүл Каленовамен жарғылық емес қарым-қатынаста болды деп айыптады. Оның сөзінше Әсемгүл Каленова басшыларынан тыс университетті өзі билеп-басқарады.

Кеше ғана қыздармен бөлме жалдап, қалалық автобуспен жүрген Каленованың бугін БАӘ, Түркия және Астанадағы пәтерлері бар, – деп жазады Кривошеев.

Ол сондай-ақ өз жазбасында оқу орнында теріс көңіл-күй барын, ұжымның екіге бөлініп жатқанын және білікті кадрлардың кетіп жатыр деп жазды. 
Мекеме блогерге қатысты сотқа шағым түсірді. Назарбаев Университетінің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, соңғы уақытта университет туралы жалған ақпарат жариялау жағдайлары жиілеп кеткен.

Осыған байланысты Назарбаев Университеті өзінің беделін, сондай-ақ жалған мәліметтер таратылған жағдайда өз қызметкерлерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғауға дайын екенін хабарлайды. Университет жала жабатын ақпаратты таратуға бағытталған кез – келген әрекетке сот арқылы дауласу құқығын өзіне қалдырады, - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Автор
Серіктес жаңалықтары