Назгүл Қарабалина жеке өміріне қатысты сырын бөлісті

7 қазан 2026 16:25 / Новости Казахстана

Қазақстандық актриса, продюсер әрі режиссер Назгүл Қарабалина жеке өміріне қатысты көпшілік біле бермейтін жайттарды айтып берді. Өнер иесі отбасы мен баласына байланысты қойылатын кейбір сұрақтарға ренжитінін де жасырмады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының актрисасы кей адамдардың өзінен неліктен бір ғана бала сүйгенін сұрайтынын айтты. Оның пікірінше, мұндай сауал қоюды надандық немесе білімсіздік деп бағалауға болады. Қарабалина бір ұлы барына шүкіршілік ететінін, ал жақын адамдары мұндай жеке мәселелерге араласпайтынын жеткізді. Керісінше, оның өміріне қатысты егжей-тегжейлі сұрақтарды көбіне алыстау таныстары қоятынын атап өтті.

Актриса сұхбат барысында алғашқы күйеуі Азаматпен қарым-қатынасының қалай басталғанын да еске алды. Оның сөзінше, академияда оқып жүрген кезінде Азамат оған аса қызығушылық танытпаған. Ал оған бірінші болып Қарабалинаның өзі ғашық болып, жігіттің назарын аударуды армандаған.

Сол уақытта өнер иесі сезімдері мен армандарын арнайы альбомға жазып жүрген. Жазбаларында Азаматпен отбасын құруды тілеп, егер арманы орындалса, оның зейнеткер ата-анасына қамқор болып, тоғыз бауырымен жақсы қарым-қатынаста болуға ниетті екенін жазған.

Серіктес жаңалықтары