Нұрсұлтан Назарбаевтың кітабы жарыққа шықты
2 желтоқсан 2023 4:23 / Новости Казахстана
Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Менің өмірім. Бодандықтан – бостандыққа» атты кітабы жарыққа шықты, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы экс-президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай X, яғни бұрынғы Twitter-дегі парақшасында жазды.
Аталған кітапта Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің өсіп-өркендеуі жолындағы тағдыршешті оқиғалар, саяси шешімдер мен тарихи бастамалар туралы баяндайды.
Сонымен қатар, тұңғыш президент «Менің өмірім. Бодандықтан – бостандыққа» атты еңбегінде жеке өмірі, отбасы және қаңтар оқиғасына қатысты да пікір білдіреді.
Н.Назарбаевтың жаңа кітабы «Алматы кітап» және «Меломан» кітап дүкендері желісінде сатылымға шықты.
Айта кетейік, кітап қазақ және орыс тілдерінде жазылған.
5 қараша 2026 12:18 / Новости Казахстана
Көлік бағасы арзандайды
5 қараша 2026 11:25 / Новости Казахстана
Текеліде трактор қаққан 11 жастағы қыз көз жұмды
5 қараша 2026 10:32 / Новости Казахстана
Қызылордада із-түзсіз жоғалған 65 жастағы ер адам өлі табылды
5 қараша 2026 9:26 / Новости Казахстана
5 қарашада ауа райы қандай болады?
4 қараша 2026 18:20 / Новости Казахстана
Владимир Тепляковтың өлімі: Полиция күдіктіні ұстады
4 қараша 2026 17:15 / Новости Казахстана